2022 жылы медициналық шприцтер тапшылығы орын алуы мүмкін

3706
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдегендей, 2022 жылы әлемде коронавирусқа қарсы вакцина егу үшін қолданылатын арнайы медициналық шприцтердің жетіспеушілігі болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша,  биылғы жылы 6,8 миллиардтан астам адамға Covid-19 вакцинасы салынған. Ал өндірілетін шприцтердің саны — жылына 6 миллиард дана.

—Бүкіл әлемдегі өндірушілер бір рет қолданылатын шприцтердің өндірісін ұлғайтудың жолын табуы керек. Егер қолданылатын және өндірілетін медициналық құралдардың мұндай ара-қатынасын түзетпесе, әлем 2022 жылы олардың тапшылығына тап болуы мүмкін, ал жетіспеушілік екі миллиард шприцке жетуі мүмкін, – деді ДДҰ Дәрі-дәрмектер мен денсаулық сақтау өнімдеріне қол жеткізу жөніндегі аға кеңесшісі Лиза Хедман.

Оның айтуынша, шприцтердің жетіспеушілігі бүкіл әлемде балаларды вакциналаудың кешігуіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар кедей елдер инелерді қайта пайдалануға мәжбүр болады, бұл — өте қауіпті тәжірибе.

Шприцтердің болмауы басқа ауруларға қарсы әдеттегі егулерге теріс әсер етуі мүмкін. Логистика жағынан да проблемалар туындауы мүмкін. Шприцтер тасымалдау кезінде кідірістерге көбірек бейім, өйткені олар, мысалы, вакцина колбаларына қарағанда он есе көп орын алады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер