Түркияда экономикалық конференция басталды: Қазақстаннан екі министр қатысуда

621

Бүгін Түркияның Стамбұл қаласында Түркия және түркі елдерінің арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға арналған конференция басталды. Конференция Түркия сауда министрлігі және DEIK сыртқы сауда қатынастарын реттейтін мемлекеттік мекеменің ортақ ұйымдастыруымен іске асуда.

Халықаралық конференцияға түркі елдерінің министрлері мен министрлік өкілдері қатысады. Басты тақырып ретінде пандемиядан кейінгі сауда қатынасын дамыту мен одан ары қарай жандардыру тұр. Пандемиядан кейін іске асуы тиіс министрліктер, мемлекеттік органдар және жеке кәсіпкерлердің әріптестігін арттыратын және сауда қатынастарын дамытатын жаңа жобалар таныстырылады деп күтілуде. Аталмыш шара түркі елдерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуы да тегін емес.

11-қарашаның соңына дейін жалғасатын шараның ертеңгі түркі елдерінің басшыларының бас қосуына дейін өтуі де тегін емес. Мемлекет басшылары да, оның ішінде Қазақстан мен Түркия өзара сауда қатынастарын арттыруға мүдделі. Елбасы Н.Назарбаев пен Тайып Ердоған арасындағы сауда қатынасын 5 млрд долларға, артынша оны 10 млрд долларға көтеру бойынша келісімдер жасалған болатын. Келісімдер сәтті іске асса да, пандемиялық шектеулер бұл үдерісті біршама тежеді. Алайда 2020 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда қатынастары тіркелді. Түркия Қазақстанға инвестиция салушы он елдің біріне жатады.

Конференцияға Қазақстан тарапынан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Әсет Ырғалиев қатысады деп күтілуде. Ол Түркия тарапынан DEIK сайтында жарияланған ресми бағдарламада көрсетілген.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы