Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

2320
Adyrna.kz Telegram

2018 жылдың 5 ақпанында жаза мерзімі аяқталды. 2014 жылы Мешімбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының апелляциялық алқасы экс-шенеунікке қатысты жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырғандықтан, ол Алматы облысындағы жалпы тәртіптегі колонияға кезеңделген еді. Бір жыл және бес ай уақытта Анар Мешімбаева Алматы облысындағы қоныс колониясында болды. Сөйтсек, 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы рақымшылық туралы жарлығымен Анар Мешімбаеваның жазасы екі есеге азайған екен.

Еске салайық, 2014 жылдың 14 наурызында Астанадағы Есіл аудандық №2 cоты судьясының шешімімен Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу үкімі шығарылған еді.Сот Мешімбаеваны ҚР Қылмыстық кодексінің "Жымқыру" және "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" баптары бойынша айыпты деп таныды.

Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қаңтарында қозғалған болатын. Ол ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Кейін Статистика агенттігінің экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. 2013 жылдың қыркүйегінде ол Мәскеуден экстрадицияланды.


tengrinews.kz


 

Пікірлер