Әлемнің алты қаласы 2030 жылы су астына кетеді

3040
Adyrna.kz Telegram

Климаттың өзгеруіне байланысты он жыл ішінде дүние жүзінде кем дегенде алты қала ішінара немесе толығымен су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұндай деректерді the India Times интернет-басылымы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (МГЭИК, IPCC) ақпараты негізінде карта форматында өз болжамын жасаған Climate Central коммерциялық емес ұйымының бағалауына сүйене отырып келтіреді.

Басылымның хабарлауынша, Амстердам теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты алғашқылардың бірі болып су астында қалуы мүмкін. Тізімдегі келесі жолды Ирактағы Шатт-Эль-Араб өзенінің бойында орналасқан Басра қаласы алды. India Times түсіндіргендей, қала батпақты жерлермен қоршалған. Жаңа Орлеан (Луизиана, АҚШ) бөгеттер жүйесінің болуына қарамастан су астына түсу қаупі бар. Венеция төртінші орында. Италияның бұл қаласында жер деңгейі жыл сайын 2 мм төмендейді. Одан кейін Вьетнамның оңтүстігінде орналасқан Хошимин қаласы. Болжам бойынша, қаланың шығыс аудандары Меконг өзенінің жақын болуына байланысты су астында қалуы мүмкін. Басылымның тізімін Үндістанның Калькутта қаласы жабады.

The India Times мәліметтері бойынша, тізімді жасау кезінде басшылыққа алынған негізгі фактор қоршаған ортаны ластаудың қазіргі траекториясы болып табылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер