Ресей коронавирустан өлгендер қатарында бірінші орынға шықты

2436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/thumbs_b_c_cb02ee5b279e38627cf5ddab382a1bb4.jpg
Ресей әлем бойынша коронавирустан өлгендер қатарында бірінші орында шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұған 6 қараша, сенбі қорытындысы бойынша Worldometers сайтындағы деректер дәлел бола алады.  Ресейде бір күнде коронавирустан 1 179 өлім тіркелді. Сонымен қатар, Ресей коронавирус жағдайларының күнделікті өсуі бойынша әлемде бірінші орынға ие болды. Өткен тәулік ішінде Ресейде  39 165 жаңа инфекция тіркелді.  Екіншісінде - Ұлыбритания, онда 30 305 адам жұқтырған. Үшінші орынға Түркия тәулігіне 25 304 ауру жағдайымен шықты. Төртінші орында — АҚШ (+23 165), бесінші орында — Германия (+20 701). Айта кетейік, бұған дейін EA Daily Ресейдің бес аймағындағы ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс істемейтін күндер режимі ұзартылғанын хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии