Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

2359
Adyrna.kz Telegram

Дәурен Бекмұхамедов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, ол жаңа тренерлер штабын қайта жасақтайды.

Қазіргі жағдайға Альберт Линдердің өлімі және одан кейін орын алған бірнеше оқиға себепші болды. Спортшылар мен жаттықтырушылардың, Альберт Линдердің туыстарының мәлімдемесі шешуші рөл атқарды.

- Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел заң бұзушылықтардың болғаны анықталды. Осыдан кейін құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов пен аға жаттықтырушы Сергей Седов қызметінен босатылды, - делінген министрлік хабарламасында. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер