Ақтаудағы жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды

2249
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров Ақтаудағы жойқын жарылыстың алдын ала себебін атады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты қоғамдық коммуникация орталығының Facebook парақшасы хабарлады, деп мәлімдейді "Адырна" ұлттық порталы.

Әкімдік дерегінше, бүгінде жарылыс салдарын жою жұмыстарымен 70 құтқарушы, 10 техника бірлігі айналысып жатыр. Төтенше жағдай орнында 150 полицей мен азаматтық қорғаныс органдары, энергетика мамандары жұмыс істеуде.

- "Шерқала" кешені иесінің айтуынша, барлық жұмысшылар ғимараттан кешкі сағат 18:00 мен 20:00-арасында кеткен. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі газ-ауа қоспасының тарауы болуы мүмкін. Жарылыс орнынан екі газ балоны шығарылды. "Ғимарат иесінің айтуынша, қоқыс астында әрқайсысы сыйымдылығы 50 литр болатын тағы екі газ балоны бар. Толығырақ ақпарат авариялық-құтқару жұмыстары жойылғаннан кейін жүргізіледі", - деп хабарлады Бекболат Әбдіқадыров.

Айта кетейік, кеше, 7 қараша күні Ақтауда жойқын жарылыс болып, екіқабатты ғимараттың тас-талқаны шықты. Бастапқыда әлеуметтік желіде ТЖ салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда, бұл мәліметті Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері теріске шығарды. Ол жарылыстан зардап шегіп, медициналық мекемелерге жүгінгендер болмағанын айтты. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер