TikTok-тағы белгі қызды қылмыскерден құтқарып қалды

4380
Adyrna.kz Telegram

16 жастағы америкалық қыз жол бойында кетіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне TikTok желісінде бұрын көрген белгіні көрсетіп, өзін ұрлаған қылмыскерден аман қалған  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "lenta.ru" сайтына сілтеме жасап.

Жолда ер адам қылмыскердің көлігінде отырған жолаушының оған тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе басқа мәселелер кезінде көмек көрсету туралы халықаралық әмбебап сигналды ым-ишарамен көрсеткеніне назар аударып, дереу полицияға хабарласқан. Қылмыскер ұрлаған қыз әлгі ер адамға  алақанын ашып, бас бармағын қысып, сосын қалған саусақтарымен жапқан (аталған белгіні төменнен көруіңізге болады-ред.) .

Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, дәл тас жолда 61 жастағы ер адамды ұстаған. Артқы орындықта ұрланған кәмелетке толмаған қыз отырған.

Қылмыскердің телефонынан қыздың сексуалдық суреттері табылған. Жәбірленушінің айтуынша, ол ұрлаушымен бірге бірқатар штаттарды аралаған.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер