Ақназар талай алтынды арқалап келгенде қайсымыз қуанып едік?

2479
Adyrna.kz Telegram
Белградтағы Әлем чемпионатында алтын-күміс алып жатқан боксшылардың жетістігі үшін осы елдің екінші, үшінші адамынан бастап, бокстан хабарымыз аз болса да ұлтшылмыз деген қауым жаппай қуанып, бір-бірімізді құттықтап, ұлттық намысымыз оянып, желбіршегіміз желпілдеп, етегіміз елпілдеп, ой бір қойқиланып қалдық-ау.
Осының мағынасыз, мәнсіз алтын-күміс екенін білеміз, бірақ ел қатарлы қуанайық дейміз.
Кеше бір ағам: "мен үлкен ұлды боксқа берсем деп жүруші едім, бірақ бергем жоқ, бүгін соған қуандым" деді. Менің "неге?" деген жауабымды күтпестен "Осы жолғы Әлем чемпионатын қарап отырсам, бокс көбіне-көп босқын, кірме немесе бір алпауыт елдің эмигрантары жүретін жер екен көзі-басы көк-ала болып. Дамыған елдер басын тоқпақтатып жатпайды, жүзу, теннис, гимнастика секілді спортпен шұғылданады немесе энергиячын өнер-білімге салады екен" дейді...
Жарайды, оны қойшы.
Жұма күнгі жағдай. Жан түршікті. Бауыр еті баласын жоқтап шырылдаған әке. Адам жоғалтып, оны іздеуді бастан кештік. Бірақ бала деген бәрінен ауыр ғой. Сүйегі табылыпы. Бар жауап: "жұмбақ жағдай". Шешімі, кесімі жоқ. Бұдан кейін де ештеңе болмайды. Енді Ақназар Қажымұрат та жоқ. "Ақназар, кешір бізді, біз сондай "боксқұмар" жұртпыз" дегің келеді. Ақназар талай алтынды арқалап келгенде қайсымыз қуанып едік? Енді қайғыра да алмаймыз. Өйткені бізде көбі жұмбақ.
Бақытбек ҚАДЫР,
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер