«Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңінің ашылу салтанаты өтуде

317

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтуде.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.

Жоба мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.

Бүгінгі шараның ресми ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ, қатысушы командалар және олардың жанкүйер фан-клубтары қатысуда.

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес бүгін қыздар арасында волейбол спорт түрінен А.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясы және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясының командасы бақтарын сынайтын болады.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Пікірлер
Редакция таңдауы