СӘБИТ РЫСБАЕВ: Шымкенттіктердің табысы аз болса да, тойға көп барады

6140
Adyrna.kz Telegram

Бір Шымкенттік бауырыммен сөйлесіп қалдым. Айына 2-3 рет тойға барасың ба десем ия дейді.Әр тойға неше апарасың десем алыстығы мен жақындығына қарай әрқалай дейді. Табысыңның 20-30%-дайы тойға кететін шығар десем ия дейді.

Шымкентте айлық аз, орташа 150 000 теңге шығар. Соның 20-30 мыңы тойға кетсе не болады десем. "Брат көрмейсің ба, Шымкенттіктердің табысы аз болса да, тойға көп барады. Табыстары берекелі ғой" дейді. Білмедім еттің бағасы Астанадан қымбат, азық түлік бірдей. Сен тойға барады екен деп нан 50 теңге болып қалмайды дедім. Бірақ сенің балаң ағылшын тілін оқиын десе оған мүмкіндік бермейсің, плэйстэйшн алғысы келсе ала алмайсың, бассейнге бара алмайсың, шетелге шыға алмайсың. Себебі сәл пәл артылған ақшаң мен бала шағаңның аузынан жырып айына той тойлауға бара бересің дедім. Анау ойланып қалды. Негізі оңтүстікте көбіміз осылай өмір сүретін сияқтымыз…

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер