Голландия соты Ұлттық қордың бұғатталған 22 млрд доллар активін босатты

2326
Adyrna.kz Telegram

Голландия соты Ұлттық қордың бұғатталған 22 млрд доллар активін босатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот Ұлттық банк пен  ҚР Әділет министрлігінің позициясымен келісіп, Ұлттық қор активтеріне қол сұғылмайды деген қаулы шығарды.

«2018 жылы 23 қаңтарда Амстердам қаласының аймақтық соты Bank of NewYork Mellon-да кастодиалды сақтауда жатқан Ұлттық қор активтерін босату туралы ҚР Ұлттық банкінің өтінішін қанағаттандырды», - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Сот Ұлттық банк пен осы процеске үшінші тарап ретінде қатысқан ҚР Әділет министрлінің позициясымен келісіп, Ұлттық қор активтеріне қол сұғылмайды деп қаулы шығарды, делінген баспасөз хабарламасында.

Нидарландының сот орындары бұған дейін де Анатолу Статидің активтерді бұғаттау туралы өтінішін орындамаған еді. Стати бұл деректерді жасырып қалып, сол арқылы сотты шатастырды. Сот Статиді сот шығындарын Қазақстан тарапына өндіріп беруге міндеттеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы желтоқсан айында америкалық The Bank of New York Mellon компаниясы Молдова кәсіпкері Анатолу Статидің арызы бойынша Ұлттық қордың 22 млрд доллар активін бұғаттаған болатын.


«Қамшы» сілтейді

Пікірлер