Қарағандылық ұры көліктен 20 млн теңге ұрлаған

3391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/9696179d-7ec2-4d60-8cd9-73f616111a58.jpeg
Алматыда қарағандылық ұры сканердің көмегімен бөтеннің көлігінен 20 миллион теңге ұрлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жолы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған Қарағанды ​​облысының 51 жастағы тұрғыны көзге түсті.
– Бұл қылмыс 28 қазан күні сағат 10:30-да орын алды. Т.есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында тұрған Mercedes көлігінің салонына заңсыз кіріп, сол жерден жасырын түрде 20 миллион теңге ақша ұрлаған. Күдікті Қарағанды ​​облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Оның айтуынша, қаскүнем дабылды сканерлеу арқылы бөтеннің көлігін ашқан. Осы қылмысқа басқа да адамдардың қатыстылығы анықталуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии