АҚШ әскери-теңіз күштерінің ядролық сүңгуір қайығы Қытай жағалауында таумен соқтығысты

2297
Adyrna.kz Telegram

АҚШ 2 қазанда Оңтүстік Қытай теңізінде болған америкалық USS Connecticut ядролық сүңгуір қайықтарының соқтығысуына қатысты тергеудің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, сарапшылар АҚШ теңіз күштерінің сүңгуір қайығы теңіз тауымен соқтығысқан деген қорытындыға келген. Бұл туралы 7-ші флоттың ресми өкілі Хэйли Симс мәлімдеді.

USS Connecticut әскери кемесі Үнді-Тынық мұхиты аймағының халықаралық суларында операция кезінде бұрын белгісіз теңіз тауымен соқтығысқаны анықталды, деп хабарлайды АҚШ Әскери-теңіз институтының (USNI) жаңалықтар порталы.

Кейінгі әрекеттердің тәртібін флот командирі белгілейді. Кінәлілердің жауапқа тартылуы да бек мүмкін.

2 қазанда Үнді-Тынық мұхиты аймағының халықаралық суларында АҚШ-тың атомдық сүңгуір қайығы мен су асты нысаны соқтығысуы салдарынан 11 американдық теңізші зардап шекті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер