Субсидия қаржысын жымқырған шенеуніктер ұсталды

2799
Adyrna.kz Telegram

Миллиардтаған теңгені жымқырды деген күдікпен Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Қазақстанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, әкімдіктердің қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мұндай операция еліміздің жеті өңірінде жүріп жатқанын хабарлады.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел іздестіру шараларының жүргізілгенін растайды. Қамауға алынған адамдардың барлығы ауыл шаруашалығына бөлінген субсидияны ұрлауға қатысты, — делінген агенттіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер