"Қасиетті Қазақстан" картасына енген орындар мен нысандардың толық тізімі

4024
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті орындары мен кешендерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар мен ғалымдар, облыстық әкімдіктің қатысуымен қасиетті орындарды анықтау үшін облыстық жұмыс топтары құрылды. Солардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталды. «Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.

Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді.

1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.

2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар. Бұл топқа қалашықтар, бекіністер, петроглифтер, қорымдар, халқымыздың қалыптасуында ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы болған орта ғасырлық қалалар кіреді.

3. Діни және ғұрыптық орындар. Бұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға айналған, көне түркі дәуірі және орта ғасырлардағы, сонымен бірге XIX аяғы - XX ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.

4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр-билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор жерлер алынып отыр.

5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін білдіретін ескерткіштер мен ел жадында өшпес із қалдырған қасіретті орындар. Қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр.

1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері

1. Әулиетау (Ақмешіт), Едіге тауы, Алтын Шоқы – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

2. Қазығұрт тау кешені – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы.

3. Жылаған ата бұлағы мен үңгірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

4. Ақмешіт үңгірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы.

5. Бектау ата тауы және үңгірі – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

Иманқара кешені – Атырау облысы, Жылыой ауданы.

6. Ақтас тауындағы Қоңыр Әулие үңгірі – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Баянауыл тауындағы Қоңыр Әулие үңгірі – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

7. Оқжетпес жартасы – Ақмола облысы, Бурабай ауданы.

8. Мұзтау – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы.

Хан Тәңірі таулары – Алматы облысы, Райымбек ауданы.

9. Отпан тау тарихи-мәдени кешені – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.

10. Шарын шатқалы – Алматы облысы, Райымбек ауданы.

11. Жаманшың кратері – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы.

12. Тамшыбұлақ бұлағы – Алматы облысы, Ақсу ауданы.

2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар

1. Торғай геоглифтері – Қостанай облысы. Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласы

2. Таңбалы (Тамғалы) тас археологиялық кешені– Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

Теректі әулие петроглифтері – Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

3. Ақбауыр тарихи-археологиялық кешені – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.

4. Берел, Шілікті, Тақсай, Аралтөбе, Боралдай, Есік тарихи-археологиялық кешендері – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы. Атырау облысы, Жылыой ауданы. Алматы қаласы. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.

5. Ботай қонысы – Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы.

6. Беғазы археологиялық кешені – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

7. «Қамысты» (ҚазАрқаим) қорғанысы – Қостанай облысы, Денисов ауданы.

8. Бозоқ қалашығы – Астана қаласы.

9. Шірік-Рабат қалашығы – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

10. Отырар қалашығы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы.

11. Тараз қалашығы – Жамбыл облысы, Тараз қаласы

12. Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

13. Қосбатыр-Қумай мемориалды кешені – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы.

14. Жанкент қалашығы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы.

15. Сығанақ қалашығы – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

16. Жент қалашығы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы.

17. Ақыртас кешені – Жамбыл облысы, Тараз қаласы

18. Меркі, Жайсан түркі ғұрыптық кешені – Жамбыл облысы, Меркі, Шу аудандары.

19. Қойлық қалашығы – Алматы облысы, Сарқанд ауданы.

20. Қызылқала қалашығы – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.

21. Ақкөл-Жайылма қалашығы – Павлодар облысы, Екібастұз ауданы.

22. Сарайшық қалашығы – Атырау облысы.

23. Сайрам қалашығы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы.

24. Сауран қалашығы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

25. Созақ қалашығы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

26. Жайық қалашығы – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

3. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар

1. Домбауыл, Екідің ғұрыптық ескерткіштері – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы. Қостанай облысы, Арқалық қаласы.

2. Үкаш ата кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

3. Қорқыт ата мемориалды кешені – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

4. Бегім ана мұнарасы, Жұбан ана кесенесі – Қызылорда облысы, Арал ауданы. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.

5. Абат-Байтақ кесенесі – Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.

6. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

7. Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы.

8. Ибраһим ата, Қарашаш ана, Гауһар ана кесенелері – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

9. Бәйдібек би, Домалақ ана кесенелері – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы.

10. Исмайл ата сәулет кешені – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы.

11. Ботағай кесенесі – Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.

12. Қорасан Ата кесенесі, Төлегетай-Қылышты ата кешені – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

13. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени кешені (Қ.А.Яссауи кесенесі,Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек, Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері) – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

14. Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері: Бекет ата (Оғыланды жеріндегі, XVIII ғ.), Шопан ата, Көне Бейнеу және Бекет-ата, Қараман ата, Масат ата, Шақпақ ата, Сұлтан-епе сайы, Сисем ата – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Маңғыстау ауданы, Түпқараған ауданы, Бейнеу ауданы.

15. Арыстан баб кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы.

16. Қарахан кесенесі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы.

17. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу кесенесі – Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

18. Жошы хан кесенесі – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы.

19. Алаша хан кесенесі – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

20. Тектұрмас кешені – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.

21. Ұшқан ата,Ақмешіт қорымдары, Құлшан ата жерасты мешіті Атырау облысы, Жылыой ауданы.

22. Бұқар жырау, Қожаберген жырау кесенелері – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы.

23. Қарабура кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

24. Ойсылқара қорымы – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы.

25. Оқшы ата кесенесі – Қызылорда облысы, Шиелі ауданы.

26. Ырғызбай ата, Жұмағазы хазірет, Исабек хазірет, Науан хазірет кесенелері – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы. Павлодар облысы, Екібастұз ауданы. Ақмола облысы, Көкшетау қ.

27. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

28. Жаркент мешіті – Алматы облысы, Жаркент қаласы.

29. Құнанбай қажы, Досжан ишан, Аппақ-Ишан мешіттері – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы. Ақтөбе облысы, Темір ауданы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы.

30. Вознесенск кафедралды шіркеуі – Алматы қаласы.

31. Христос Спаситель шіркеуі – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы.

4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар

1. Қобыланды батыр мемориалдық кешені – Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.

2. Есім хан кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

3. Хақназар хан кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

4. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлардың кесенелері: Қапал батыр, Қарасай және Ағынтай батырлар, Есет Көкіұлы, Шанышқылы Бердіқожа, Қабанбай батыр, Барақ Қарабалуанұлы, Малайсары Тоқтауылұлы, Райымбек батыр, Наурызбай Кұттымбетұлы, Олжабай Төлебайұлы, Жидебай Қожаназарұлы, Құдайберді Құлсары, Баян батыр, Жасыбай Өмірұлы, Байғозы Наймантайұлы, Ер Жәнібек Бердәулетұлы – Алматы облысы, Ескелді ауданы. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы. Ақтөбе облысы, Алға ауданы. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы. Ақмола облысы, Целиноград ауданы. Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Алматы қаласы. Алматы облысы, Сарқанд ауданы. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы. Қарағанды облысы, Шет ауданы. Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. Қарағанды облысы, Шет ауданы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы.

5. Хан моласы мемориалдық кешені (Әбілқайыр хан, XVIII ғ.) – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы.

6. Абылай хан резиденция кешені, Абылай хан алаңы – Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласы. Ақмола облысы, Бурабай ауданы.

7. Ұлт-азаттық көтеріліс батырларының кесенелері: Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Барақ Сатыбалдыұлы, Байзақ датқа – Атырау облысы, Махамбет ауданы. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы. Жамбыл ауданы, Байзақ ауданы.

8. Кенесары хан үңгірі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс батырларының кесенелері: Ағыбай Қоңырбайұлы, Бопай ханым, Баубек батыр, Жәуке Назарғұлұлы, Бұхарбай Естекбайұлы, Беспақыр кесенесі, Қараөткел мұсылман зираты (К.Қасымұлы батырлары жерленген жері) – Ақмола облысы, Бурабай ауданы. Қарағанды облысы, Шет ауданы. Ақтөбе облысы, Айтеке би ауданы. Ақмола облысы, Жақсы ауданы. Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Астана қ.

9. Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы кесенелері – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы.

10. Алтынемелдегі Шоқан Уәлихановтың мемориалдық кешені және жерленген жері, Сырымбет мекені – Алматы облысы, Кербұлақ ауданы. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы.

11. Ыбырай Алтынсарин кесенесі – Қостанай облысы, Қостанай ауданы.

12. Абайдың «Жибедай-Бөрілі» тарихи-мәдени кешені – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

13. Т.Г.Шевченко мемориалды кешені – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы.

14. Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі – Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

15. Жамбыл Жабаев кесенесі – Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

16. Ахмет Байтұрсынұлы мемориалды үйі – Алматы қ.

17. Міржақып Дулатұлы кесенесі, Ғұмар Қараш, Смағұл Сәдуақасовтың жерленген жері – Қостанай облысы, Жангелді ауданы. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы. Астана қаласы.

18. 1916 ж. көтеріліс басшылары: Амангелді Имановтың жерленген жері, Әбдіғаппар Жанбосынұлы және Кейкі батыр кесенелері, «Ереуіл төбе» – Қостанай облысы, Амангелді ауданы. Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Алматы облысы, Райымбек ауданы.

19. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы – Қарағанды облысы, Теміртау қаласы.

5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар

1. Таңбалы тас ескерткіші – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

2. Орбұлақ, Аңырақай, Бұланты шайқастары болған тарихи жерлер – Алматы облысы. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

3. Бірлік - Ордабасы мемориалды кешені – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы.

4. Бөкей Ордасы тарихи кешені – Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы.

5. Ашаршылық құрбандарына арналған монумент – Астана қаласы.

6. Қарлаг (Долинка к.) және Жаналық к. саяси қуғын-сүргін құрбандарының жерленген жері, – «АЛЖИР» мемориалды кешені Қарағанды облысы, Долинка кенті. Алматы облысы, Талғар ауданы. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.

7. Семейдегі Алаш арыстары үйі – Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

Жымпитыдағы «Алаш Орда» үйі – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

8. Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі – Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

9. 1991 жылы Тәуелсіздік Декларациясы қабылданған «Үкімет үйі» ғимараты – Алматы қаласы.

10. Республика алаңы - Тәуелсіздік монументі, «Тәуелсіздік таңы» - 1986 жылы желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш – Алматы қаласы, Республика алаңы.

11. «Отан-Ана» - Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан майдангерлерге және Отан қорғаушыларға арналған монумент – Астана қаласы.

12. Астана-Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Мәңгілік Ел салтанатты аркасы – Астана қаласы.

Пікірлер