30 қазан күні Атырау облысында ауыл тұрғындары арасындағы төбелес болған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 36 жастағы ер адамның ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.
- Сағат 19:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331-ші шақырымында орналасқан Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болды. 5 адам оқ жарақатын алды, біреуінің қолы сынған. Соның салдарынан 1985 жылы туған азамат алған жарақатынан Сағыз кентіндегі амбулаторияда көз жұмды, — деп хабарлады Атырау облысы ДПП баспасөз қызметі.
Қазір оқиға орнында облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушілік себеп болған деп есептейді. Қазір мәліметтер нақтылануда.
"Адырна" ұлттық порталы.