Кабулда болған шабуылда қаза тапқан қазақстандық Астанада жерленді

2003
Adyrna.kz Telegram

Кабулда қаза болған қазақстандық Ерлан Жампейісов осы сенбіде Астанада жерленді. Бұл туралы қаза болған қазақстандықтың әкесі Жүсіпберген Жампейісов айтты.

"Сенбі күні жерледік. Денесі жұма күні жеткізілді, Астанада жерледік. Аляқтық жөнінде арыз жаздық. Бостандық аудандық ІІД өкілдеріне. Арызды қабыл алғандары жайлы қағазым бар. Не істерімді білмеймін, осы іске ІІМ қосу керек шығар. Денесін СІМ өкілдері жеткізді", - деді қаза болған қазақстандықтың әкесі.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов бұл мәліметті растады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Кабулда Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылдан қазақстандық азаматтың қаза болғаны хабарланған еді. 20 қаңтарда кешкі уақытта содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне басып кірген. Tolo News телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, 18 сағат бойы жалғасқан шабуыл тоқтатылған. Нәтижесінде 126 адам құтқарылған, олардың 41-і шетелдік.

 


tengrinews.kz


 

Пікірлер