Жамбылда мұнай резервуарлары өртенді

2195
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытының 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуары өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Жамбыл ауданының Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртендіЖамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама сағат 12:0 түсті.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.

Барлығы 75 қызметкер мен 21 техника, сондай-ақ сол жерде құрамында 7 адам және 2 техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеді. Өрт 13:05-те ауыздықталып, сағат 13:17 минутта сөндірілді»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер