Бұл сауалға сенатор Мұрат Бақтиярұлы жауап берді. Ол ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа кеңесіне мүше елдермен халықаралық ұйымға кіру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Orda.kz-ке " сілтеме жасап.
– Еуропаның аты – Еуропа. Мен депутат ретінде Қазақстанның бұл кеңеске мүше болуын қолдаймын. Бірақ ол үшін кейбір жайттарды шешіп алған дұрыс. Біріншіден, заң тұрғысынан, ал екіншіден, Еуропа тарапынан бірқатар кедергілер бар. Біз барлығымен бір мәмілеге келуіміз керек", - деді Мұрат Бақтиярұлы.
Сенатор Еуропа Кеңесіне кіру "қазірден басталғанын" айтып, бұл жұмысты парламент емес, Сыртқы істер министрлігі жүргізіп жатқанын түсіндірді. Мұрат Бақтияруланың болжамы бойынша, келіссөздер 3-5 жылға созылуы мүмкін.
Айта кету керек, Еуропа Кеңесі – оған мүше мемлекеттер мен Еуропа елдері арасындағы құқықтық стандарттар, адам құқықтары, демократиялық даму, заңдылық және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін халықаралық ұйым.
Еуропа Кеңесінің ең маңызды жетістіктерінің бірі — адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы еуропалық конвенцияның әзірленуі және қабылдануы.
"Адырна" ұлттық порталы