Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Куәгерлер такси жүргізушісіне жасалған шабуылды видеоға түсіріп алған, кадрда атысқа ұқсас дыбыстар болған, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
- 27 қазан күні сағат 22:10 шамасында 55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиғаның себептері туралы қосымша хабарлайтын боламыз, - деді Қарағанды облысы ДП баспасөз қызметі.
Аталған факті тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
”Адырна” ұлттық порталы