Нұр-Сұлтан қаласында сот орындаушысына балтамен шабуыл жасалды (Видео)

4799
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында борышкер төленбеген айыппұлдары үшін көлігін алуға келген жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нұр-Сұлтандағы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мәліметінше, борышкер көлігін тартып алмақ болған жеке сот орындаушысына шабуыл жасаған. Ер адам 302 176 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды, сондай-ақ банк пайдасына шешілген 358 728 теңгені төлемеген.

Сот орындаушыларының қатысуымен міндеттемені орындамаған азаматқа қатысты қамауға алу және шектеу шаралары қолданылған, сонымен қатар оның "ВАЗ-2115" автокөлігін кепілдге алу туралы қаулы шығарылды.

Бүгін таңертең сот орындаушысы көлікті алып кетпек болған, бірақ ер адам өзін агрессивті ұстап, қолына балта алып, сот орындаушысы мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер