Ауғанстан жерінен Қытайға ешқандай күш қауіп төндіре алмайды. Бұл туралы бүгін, 26 қазанда Дохада "Талибан" үкіметіндегі Сыртқы істер министрлігінің басшысы Амир Хан Моттаки Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен өткен келіссөзде мәлімдеді.
"Ауғанстандағы тәліптер ешбір жағдайда ешкімге немесе сыртқы күштерге Ауғанстан аумағын Қытайға қауіп төндіру үшін пайдалануға рұқсат бермейді", - деп келтіреді Қытай Сыртқы істер министрлігінің сайты Моттакидің сөзін. "Ауғанстан болашақта өзінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салады және сонымен бірге аймақтық бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздікке үлес қосады",-деді Моттаки.
Қытай тәлібтерге қаржылай көмек беруге әзір, алайда ол үшін "Талибан" террорлық топтарды қолдаудан бас тартуы тиіс.
"Адырна" ұлттық порталы