Ердоған 10 елдің елшісін елден шығармайтын болды

3331
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы он елдің елшілері жаңа мәлімдеме жасап, Вена конвенциясының мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға міндеттейтін бапты ұстанатындықтарын мәлімдеді. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дипломаттар осылайша «артқа шегінді» және өз мәлімдемелерінде сақтық таныта береді деп есептеді.

Бұған дейін дипломатиялық өкілдіктердің басшылары Түрік билігінен түрмедегі кәсіпкер Осман Каваланы саяси себептермен қамауда отыр деп, босатуды талап еткен. Бұл дипломатиялық жанжал тудырды.

Twitter-де Түркиядағы он дипломатиялық өкілдік басшысының жаңа мәлімдемесі жарияланды. Онда олар бапқа сәйкес әрекет етіп жатқанын айтқан. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 41-бапқа сәйкес әрекет етіп жатқаны туралы да айтылған. Онда дипломатиялық қызметкерлер «қабылдаушы мемлекеттің заңдары мен ережелерін құрметтеуге міндетті» делінген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер