Кофе+лимон: жаңа тәсіл арқылы қалай арықтауға болады?

7776
Adyrna.kz Telegram

Арықтауға арналған жаңа рецепт лимон кофесі - әлемнің жетекші диетологтары әзірлеген ерекше диеталық өнім. Дұрысы, оның атауы «Арықтауға арналған фитнес-лимон кофесі», ал сусынның өзі кез келген диета мен спортқа қоспа ретінде кіреді. Бүгінде жұрттың аузында жүрген жаңа қоспа, расында арықтауға көмектесе ме?

Өнімнің құрамы

Өнімде таурин, лимон, алма, актинидия, жүгері ұнтағы, Е дәрумені, С витамині, В дәрумені, қоректік талшықтар, соя, қара кофе сияқты негізгі компоненттер бар.

«Арықтауға арналған фитнес-лимон кофесі» тіпті арнайы қаңылтыр банкада әрқайсысында 10 г 26 пакеттен тұратын қаптамамен де сатылады.

Қалай әсер етеді?

Өнімнің қаптамасында адам салмағының өзгеруіне бұл қоспаның тиімділігін дәлелдейтін клиникалық сынақтар жүргізілгені жазылған. Осылайша, бұл ыстық сусынды күн сайын тұтыну арқылы адам бірте-бірте және ауыртпалықсыз артық салмақтарын жоғалтуы мүмкін. Бұл препараттың негізгі функциялары организмнен токсиндер мен майларды жою, транс майларының ыдырауы, метаболизмді қалыпқа келтіру болып табылады.

Оны артық салмағы бар, әртүрлі дәрежедегі семіздікпен ауыратын адамдарға, сондай-ақ қосымша салмақ жинаудың алдын алу шарасы ретінде пайдалануға ұсынылады. Сусынды күнделікті тамақтанудан 30 минут бұрын, ләжі болса таңертең ішу керек. Қаптама дәміне қарай ыстық сумен ұсынылады. Тек қаптамадағы арнайы қоспасыз-ақ, өзіңіз үй жағдайында кез келген кофеге лимон сығындысын қосып өзіңізше тұтына берсеңіз болады.

Қарсы көрсеткіштер

14 жасқа дейінгі балалар, бала емізетін және жүкті әйелдер қолдануына болмайды.

Кофенің көмегімен салмақ жоғалтудың ерекшеліктері

Бұл өнімді диетологтар мақұлдағанына және салмақ жоғалтуға шынымен көмектесетініне қарамастан, сіз тек «Арықтауға арналған фитнес-лимон кофесі» майлы шөгінділерді жеңе алмайтынын есте сақтауыңыз керек. Адамдар семіздіктің барлық мәселелерін басқа ештеңе жасамай-ақ шешетін панацея табуға үміттенеді. Дегенмен, сіз өзіңізді иллюзиямен алдаудың қажеті жоқ - бұл іс жүзінде мүмкін емес. Тек бір сусынның күшіне сеніп, арықтаймын деген жаңсақ пікірді ойламағаныңыз абзал.

Расымен салмақ жоғалту үшін сіздің денеңіздің ерекшеліктері туралы біле отырып, дәрігер дұрыс тағайындай алатын арнайы тағам диетасына отыру керек. Өйткені, көптеген диеталар, әсіресе жылдам моно-диеталар дайын емес адамның ағзасына зиян тигізуі мүмкін. Диетолог сізге диетаны жазып береді және диетаның нәтижесінде сіз салмақ жоғалтып қана қоймай, денсаулығыңызды жақсартатын тағамдар тізімін береді.

Жаттығу - салмақ жоғалтудың тағы бір маңызды аспектісі. Бұл шын мәнінде жаңалық емес, бірақ әдемі, нәзік, жіңішке денеге ие болғыңыз келсе - өзіңізге ұнайтын кез келген спорт түрімен айналысыңыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер