Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

3257
Adyrna.kz Telegram

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оның айтуынша, еңбек нарығын біртіндеп қалпына келтіру жалғасуда, оның көрсеткіштері оң динамика көрсетіп отыр. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс күші саны 9,3 миллион адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға өсті.

Пандемия басталғаннан бері жұмыс істемейтін жұмысшылардың саны 12,2%-дан 7,4%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7 пайызды құрады, – деді Серік Шәпкенов үкімет отырысында.

Министрлік биылғы жылы 1,2 миллион адамды, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 700 мың адамды, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 2 мың адамды, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша тағы 440 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Үш бағыт бойынша қолдау шаралары қазірдің өзінде 1 миллионға жуық адамға жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер