"Талибанмен" болған қақтығыс: 17 адам қаза тапты

5855
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/fe0271c9931a6edcaca0c7dbbe724e65.jpg
Ауғанстанның Герат қаласында Талибан содырлары мен белгісіз қарулы адамдар арасындағы атыс кезінде 17 адам қаза тапты, оның ішінде балалар да бар. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы  Ettela’at-e Rooz газетіне сілтеме жасап хабарлайды. Денсаулық сақтау өкілі газетке өлтірілгендердің ішінде жеті бала, үш әйел және жеті ер адам болғанын айтқан. Алайда Гераттағы Талибан полиция бөлімі Тент-Бридж ауданындағы қақтығыста төрт адам мерт болғанын айтты.
- Олар тұрғын үйден шығарылу кезінде атыс бастағаны үшін өлтірілді, - дейді полицияда.
Айта кетейік, атыс 3 сағатқа созылған. Қаза тапқандардың денесі Герат аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жеке басы әлі анықталмай отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии