Нигериялық азаматпен бас қосқан қазақ қызы Зайда Жаңабаева "толық болғандықтан қазақ жігіті алмады" деп өзіне мүсіркей қараған жандарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Жалпы соңғы кезде менің салмағымды, мүсінімді әңгіме қылып жүргендер көп. Арықтау тәсілдерін айтып, кеңес беріп жатыр. Қазақтар мені алмайтын еді дейді, себебі олар үшін тым толық екенмін. Бұл сөздеріне тым сенімді. "Алмайды оны, енді не істейді?!" дейді. Ал мен болсам, осы кісілердің ойында не бар екен деп таңғалам. "Ол толық, қазақтар алмайды, оларға модель керек" деу арқылы олар нені дәлелдегісі келеді? Тіпті соңғы кездері нутрициологсымақтар хабарласып, "көмек керек емес пе?"деп сұрайтын болыпты, - дейді Заида.
Айтуынша, ол елдің мұндай көмегіне мүлдем мұқтаж емес, себебі өзін осы қалпында жақсы сезінеді.
- Менің денем, мүсінім маған өзіме ұнайды. Ал сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді елемеймін. Қазақтарға да толық қыздар ұнай ма-ұнамай ма, маған бәрібір, - деп жазды ол.
Зайда, сонымен бірге, қыздарға өзін-өзі жақсы көру керектігін ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бастысы, өзіңізді өзіңіз жақсы көріңіз. Бұл сезіліп тұрады. Адам өзін-өзі жақсы көрсе, бұл оның жүзінен көрінеді. Сенімді болу, өзіңді қабылдау, өзіңнің қазіргі қалпыңнан ләззат ала білу - керемет нәрсе. Шыны керек, осы уақытқа дейін көптеген сымбатты жігіттер маған сөз салған", - деген музыкант қыз өзгенің жүрегін жаулау үшін әйел өзін ханшайымдай сезіну керектігін баса айтты.
"Адырна" ұлттық порталы