Facebook 178 млн қолданушының дерегін ұрлаған адамды сотқа берді

2630
Adyrna.kz Telegram

Facebook әлеуметтік желісі 178 миллион қолданушының жеке деректерін ұрлады және сатты деп Украин азаматына айып тақты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Шағым АҚШ-тағы Калифорнияның Солтүстік округінің сотына жолданған. Онда Александр Солонченконың желіні қолданушылардың жеке деректерін қолды қылғаны айтылады.

Компания өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін ол желіні қолданушылардың аккаунттары мен телефон нөмірлерінің сәйкестендіру деректеріне қол жеткізген. Ол үшін автоматты режимді қосатын арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, Messenger қосымшасы арқылы желі қолданушыларына сұрау жолдаған.

2021 жылдың мамырында, Facebook-тің хабарлауынша, Солонченко ұрланған осы мәліметтерді салалық онлайн-форумда сатқан. Компания басшылығы сот Солонченконы шығынды өтеуге міндеттеп, компания қызметін пайдалануға тыйым салады деп үміттенеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер