Бүгін Өзбекстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

721

Бүгін Өзбекстанда Президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Елдегі бес ресми саяси партия кандидаттарын тіркеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлауда жеңіске жететін басты кандидат - 64 жастағы Шавкат Мирзиеев.

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 19,86 миллион сайлаушы бар, 14 сайлау комиссиясы құрылып, 10 760 сайлау учаскесі дайындалған. Сайлау күні түрлі себеп бойынша таңдауын жасай алмайтын 420 мың адам 14-20 қазан аралығында алдын ала сайлауға қатысқан. Кандидат жеңіске жетуі үшін кемінде 50 пайыз дауыс жинауы керек.

Сайлауды 64,5 мың адам бақылайды, оның ішінде 50 елден келген 970 халықаралық бақылаушы бар.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы