Сарапшылар: "Жаһандық жылыну салдарынан адамдар жаппай эпидемияға шалдығуы мүмкін"

2694
Adyrna.kz Telegram

Климаттың өзгеруіне байланысты түйін жасаған сарапшылар жаһандық жылыну адамдардың жаппай созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі эпидемиясына шалдығуы мүмкін екендігін айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"РИА Новостидің" хабарлауынша, дәрігерлер созылмалы бүйрек ауруының көбеюі алдағы онжылдықтарда орын алады деп болжап отыр. Себебі алдағы жылдары әлем бойынша температура көтеріледі деп күтілуде. Әсіресе, ауыр физикалық жұмыс істейтін адамдар арасында аталған аурудың арту қаупі жоғары.

Аптап ыстық күндер саны артып, сынап бағаны көтерілген сайын, жұмысшылар, әсіресе, тропикалық және субтропикалық аймақтарда өмір сүретін әлем халқының үштен екісі ыстықтың соғуынан аулақ болуы қиынға соғады. Ыстық соғып, діңкені құрту миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіреді және кедейлікті төмендетуге бағытталған барлық күш-жігерді жоққа шығарады, - деп хабарлайды агенттік климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) бұрынғы мүшесі Торд Кьеллстромның сөзін келтіріп.

Басылымның хабарлауынша, Орталық Американың шыжыған ауылдық аймақтарында, мысалы, Сальвадор мен Никарагуада, ауылшаруашылық жұмысшылары бүйрек ауруларынан өле бастаған.

Сонымен қатар дәрігерлер Орталық Американың басқа бөліктерінде, Америкада, Таяу Шығыста, Африка мен Үндістанда осындай жағдайлардың көбейіп жатқанын айтады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер