Бүгін Атырауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті
Слетке облыстың білім беру ұйымдарының басшылары және облыстың барлық аудандарынан "Адал Ұрпақ" еріктілер клубтарының 60-тан астам мүшелері қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт іс-шара жастардың бойында гуманизм мен ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
"Біздің міндетіміз - жас ұрпақты жастайынан патриоттық рухта тәрбиелеу, онда еңбексүйгіштік пен білімге деген құштарлықты, адалдықты тәрбиелеу. Бұл қасиеттер ежелден халқымызға тән. Сондықтан барлық ата-аналар, барлық мұғалімдер балаларға лайықты үлгі болып, оларға ең жақсы қасиеттерді алуға көмектесуі керек", - деді А.Мамыт.