ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ: Шынайы мәдениет базардың бағасына бағындырылып бітті

3164
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде шынайы мәдениет базардың бағасына бағындырылып бітті. Мәдениет туралы ұғымның өзі шатысып-бытысып кетті. Басшының бағыныштыларына бақыруы, жекіруі, тіпті балағаттауы қазір жиі кездеседі. Боқтап сөйлемесе айызы қанбайтындар да аз емес. «Ар-намыс», «қадір-қасиет» дегендер рух биіктігінің өлшемімен сот, арыз-шағымның тұрақты сөз тіркестеріне ауысып барады. Жалпы, айқайлау – әлсіздіктің белгісі. Айқайлау арқылы адам алдымен өзін қорлайтынын түсінуі керек. Менің ұстазым Бақия Атшабаровтың ең қатты ашуланғанда айтатын сөзі «Это же не красиво» деу болатын.

Негізінде қазақтар жұмсақ сөйлеген. Қазақтардың жүрегі кең. Ата-бабаларымыздың өмір-салты бізді техникалық емес, гуманитариялық интеллектіге бейімдеді. Ұшы-қиыры жоқ даланың өзі бізді кеңдікке шақырып тұрды.

Пікірлер