ҚХА төрағасының орынбасары өзбек драма театрында зиялы қауым өкілдерімен танысты

2154
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласындағы өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Басқосуда өзбек этносының өкілдері тығыз шоғырланған Сайрам тұрғын алабындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту, және ішкі тұрақтылықтың маңыздылығы айтылды.

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 17,5%-ын өзбек этносының өкілдері құрайды. Шаһардағы өзбектердің басым бөлігі Сайрам тұрғын алабында қоныстанған. Қалада 4 мектепте өзбек тілінде білім берілсе, 32 аралас мектепте өзбек сыныптары бар.

Икрам Хашимжанов - Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы

Кездесуде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов өңіріміздегі бірлік пен татулықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ғалым Шойкин - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қауымдастық төрағасына өзбек этномәдени бірлестігінің жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар міндеттер жүктеп, бірлік қағидаттарын шоғырландыруға бағытталған арнайы жобалар әзірлеп, енгізуді тапсырды.

 

Н.Әбдірашит                                    

Пікірлер