"Ақ жол" демократиялық партиясы Парламентте бюджетті ғана емес, Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын да бекітуді ұсынды. Бұл ұсынысты фракция жетекшісі Азат Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында бюджетті талқылау барысында айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Демократтар фракциясының жетекшісі өз сөзінде Ұлттық қордың азаймайтын шегінен және мемлекеттік қарыздың рұқсат етілген мөлшерінен асып кетуі туралы Үкіметтің алаңдатарлық болжамдарына назар аударды.
"Біз бұл болжамды үкіметтің жоспары немесе "мақсаты" ретінде емес, қазіргі тенденцияларды байыпты және алаңдатарлық бағалау ретінде қабылдау керек деп үміттенеміз, - деді А.Перуашев. — Осыған байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясы Ұлттық қордың қаражатын басқаруды реттейтін нормативтік құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қарызды тарту және өтеу тәртібін қайта қарау қажет деп санайды. Егер Үкімет бұл теріс болжамдарды алдын-ала ескерту ретінде және осындай оқиғалардың алдын-алу мақсатында күш-жігерді жұмылдыру үшін жасаса, біз осы бағыттағы іс-қимыл жоспарын ұсынуды сұраймы".
"Ақ жол" демократиялық партиясы Үкіметтің жұмысын жұмсалған қаражат бойынша емес, нақты міндеттерге қол жеткізу бойынша бағалау үшін Парламентте Үкіметтің ұқсас кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын да қарауды және бекітуді ұсынады.
"Егер индикаторлардың мұндай ауытқулары дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жағдайында қауіпті емес және еңсерілмейтін болып саналса, онда бұл құжаттарды қайта қарау аясында Үкіметке оның саяси жауапкершілігіне үлкен икемділік беру қажет", - деді депутат.
"Адырна" ұлттық порталы.