Шымкентте агроэкономикалық аймақ құрылады

2284
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте алдағы 4 жылда жылыжай көлемі 150 гектарға дейін ұлғаяды. Ол үшін шаһарда арнайы агро экономикалықаймақ құрылып жатыр. Ол жер 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен игеріледі. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының баяндауынша тек келер жылдың өзінде арнайы аймақта құны 8 млрд теңгеден асатын 8 жоба жүзеге асады. Жалпы Шымкенттің қазіргі жылыжай қоры қанша, агроаймақтың тиімділігі қандай?

Шымкенттегі жылыжай кешенін дамыту мақсатында құрылып жатқан арнайы агроэкономикалық аймағы Мәртөбе тұрғын алабының аумағына орналастырылуда. Қазір жер бөлу жұмыстары аяқталған. 2 кәсіпкер жылжай салу ісін бастап жіберген. Тағы 4-5 инвестор қаржы алу үшін құжаттарын рәсімдеп жатқан көрінеді. Егер мақсат орындалса, біраз іс бір жүйеге түседі. .

Әбунасыр Жанбатыров – Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыбасшысының орынбасары

Қолайлылығы тұқыммен қамтамасыз етуге, тауарды бірден сатуға мол мүмкіндік туады.      

Агро экономикалық аймақ құрылса қосымша жұмыс орындары ашылады. Өйткені, аталған аймақ маңынан сыйымдылығы 5 мың тоннадан асатын арнайы қойма салынады. Ал жылыжай ісін жүргізуге негізінен жергілікті мамандарды тарту жоспарланған. Өйткені, ол жұмысты меңгерген жергілікті мамандар жетерлік. Соның бірі Мейірбек Қалымбетов. Ол бүгінде қаладағы үлкен жылыжай кешенінде жұмыс істейді.

Мейірбек Қалымбетов - аграном

Голландский компанияның угама сортын әр помидордың салмағы 250 грамм болады. Жоспарларымыз әр квдратынан 15 килограмм өнім алу. 

Айтып өтейік қазіргі таңда Шымқалада жалпы аумағы 30 гектардан асатын  өндірістік жылыжай бар. Соның 3 гектары «Зәуре» шаруақожалығына тиесілі. Онда шамамен 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір қызанақ егу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Нариман Артықбаев – «Зәуре» ШҚ өкілі   

Бізде өнім осы ақпан айында дайын болады. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін обработка болады. Содан кейін егіледі.

Егер еске салсақ қалада агроаймақ салу ісі алдын қолға алынған болатын. Сол кезде әуежай аумағынан жер бөлінген болатын. Бірақ кейін ол маңнан салуға болмайтыны туралы шешім шығып жері ауыстырылған болатын.

 

М. Жарылқасын

Пікірлер