Шымкентте қысқаметражды фильмдер фестивалінің үздіктері анықталды

1641
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында жас режиссерларға арналған «SHYMKENT NOMAD FILM FEST» қысқаметражды фильмдер фестивлі өз мәресіне жетті. «Жастар ресурстық орталының» ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.Үздіктерді Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысып, жас таланттарға шығармашылық табыс тіледі.

Ақниет Аманхан – тілші  Өнердің үлкені - кино. Бұрындары фильмдер ақ-қара түсте болса, бүгінде киноиндустрия дамыған…

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың биыл 5 маусымы. Басты мақсат қаламыздағы киноиндустрия саласына үлкен мән беріп, жас таланттарға қолдау жасау. Сонымен қатар фестивальге қатысушы дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету арқылы мүмкіндік беретін үлкен шығармашылық алаң құру. Жастарымыз осындай қарқында еңбектеніп, іздене түссе қаламыздан әлі талай мықты кинорежиссерлер шығатыны сөзсіз. Осындай шағын кинофестивальдер олардың танылып, шыңдала түсуіне жол ашады деп сенеміз, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Шыңғыс Мұқан - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Осы жылдың 12 тамыз -10 қыркүйек  аралығында өткен байқауға қатысуға 30 үміткер ниет білдіріп, қазылар алқасы соның ішінен 10 кинотуындыны іріктеп алған. Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Ерсұлтан Тілеуовтың «Таңдау» туындысы қорытындылады. Екінші орын Дмитрий Владимировичтің еншісінде « Жетістік» фильмі. Ал бірінші орын «Садақа» фильмінің режиссері Болат Қожахметке бұйырды. Бас жүлдеге «Әке» фильмінің режиссері Ердаулет Алибеков ие болды.

Ердаулет Алибеков - “Әке” фильмінің режиссері

Айта кетейік, бұл фестиваль бұған дейін «Самғау» деген атаумен Шымкентте 5 жыл қатарынан өткізілген болатын. Бірақ елдегі эпидахауалдың күрделенуіне байланысты уақытша  тоқтағанымен биыл «Shymkent nomad film fest» қысқаметражды фильмдер фестивалі атауымен қайта бастау алды.

 

А.Аманхан

Пікірлер