Республикалық спартакиада басталды

2199
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды. Байрақты бәсеке 5 спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді.

Дүбірлі додадаеліміздің барлық өңірінен жиналған 300-ден астам спортшы бақтарын сынауда.Арбада билеу сайысына әлемдік аренада өнер көрсетіп жүрген спорт саңлақтары қатысуда. Басты мақсат тағдырдың тәлкегіне түсіп арбаға таңылған жандарды қолдап, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру дейді ұйымдастырушылар.

Қабдулла Байжанов – Бас төреші

ЖерлесімізЕрмек Қалымбетовтің осы спорт түрімен айналысып жүргеніне 6 жыл болған. Спорт шебері2016 жылғы азия чемпионы, 2019 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және ағымдағы жылы Италияда өткен әлем кубогының қола жүлдегері. Серіктесімен бірге алдағы Оңтүстік Кореяда болатын әлем чемпионатына жолдаманың иегері. Бұл спартакияданың спортшылары үшін орны бөлек екенін айтады. Қандай сайыс болмасын Оңтүстік өңірінің атын шығарып жүру басты мақсатымыз дейді.

Ермек Қалымбетов - Парабиші

Бұл спорт түрі елімзде алғаш рет 2009 жылы құрылған. Спортшылар түрлі әлемдік сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Бүгінде Қазақ елі парабиден әлемдік ретингте 3 орында орналасқан. Айта кетейік, 21 қыркүйек күні барлық спорт түрі бойынша іріктеу бәсекелері бастау алған болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 25 қыркүйек күні анықталады.

 

Е. Бөбеев

Пікірлер