Балалар еңбегіне мектепке 12 интерактивті тақта алынды

2737
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент жастар лигасында» жеңімпаз болған А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында болды. Мектеп ауласындағы сенбілікке қатысып, балаларға қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет ететінін атап өтті.Шахматтан І орын алған бұл мектепке 20 млн теңге қаржылай сыйлық берілген. Аталған қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған.

Әкім оқушылардың бұл игі ісіне ризашылығын білдіріп, мектепке танытқан жанашырлықтары үшін алғысын жеткізді. Өз кезінде балалар келер жылыда спорттық жарысқа қатысатындарын айтып, білім мен спортта алда болатындарына сөз берді.Қала басшысын мектеп директоры Гүлназ Абилдаева физика, химия және STEM кабинеттерін және спорт секциялары мен хореграфия үйірмесінің жұмысымен таныстырды.Мектеп жетістігіне тоқталған Гүлназ Абилдаева білім саласында сіңірген еңбегі үшін бір ұстаз «Қазақстанның Еңбегі Ері » атағының иегері екенін, ал екі педагог «Білім саласының Құрметті Қызметкері», бір мұғалім республикалық «Үздік педагог» және төрт ұстаз «ҚР ағарту ісінің озаты» төсбелгісінің иегерлері  сынды ерекше құрметке ие болғанын атап өтті.Сонымен қатар ол 116 оқушының «Алтын белгі» иегері атанғанын,  48 бала халықаралық ғылыми жобалардың олимпиада жүлдегерлері екенін және 67 білім алушы түрлі олимпиада жеңімпаздары болғанын мәлімдеді.Қала әкімі балалардың сапалы білім алуы үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келетінін айтып, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта орнату жұмыстары жүргізілгеніне тоқталды. Білім ошағының жұмысына оң бағасын берді.

Пікірлер