12 мыңнан астам азамат сенбілікке шықты

495

18 қыркүйек Дүниежүзілік тазалық күні. Осыған орай Шымкентте жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Оған қала әкімінен бастап барлық басқарма басшылары мен мамандары және тұрғындар мен қала жастары қатысты. Тазалық шарасы аясында дендро саябақтың ішімен қаладағы қоғамдық орындар толықтай тазаланып, 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.

Қала әкімдігіне қарасты басқарма мамандары алдымен Асанбай Асқаров атындағы дендро саябаққа жиналды. Ол жерде орталық алеядағы жиектастарды сырлап, қураған ағаш бұталарын тазалады.

Асылхан Ешимов -  А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағының директоры

Негізінде бізде бәрі таза. Қалалық сенбілік болған соң жұмыс күші артықтық етпейді ғой.бөліп-бөліп жұмыс істейміз.

Жалпы қалалық сенбілікке 12 мыңнан астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылды. Ал, тазалық шарасы қала аумағын тұтастай қамтыды. Әрбір аудан әкімдігі өз аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен үй аулаларын реттеді. Одан бөлек ирригациялық арықтар тазаланып, демалыс орындарында сырлау жұмыстары жүргізілді.

Ғабит Мәуленқұлов – Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы

Негізігі міндет халыққа көрсету. Әкімдік қызметкерлері тек кабинетте отырмайды. Халықпен бірге тазалық жұмыстарында атқарады. Бұл шымкент біздің ортақ үйіміз Ортақ үйіміздің таза болғаны жақсы ғой.

Айтып өтейік, осы жолғы акция «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Ал аталған жобаның мақсаты қоршаған ортаның ластану проблемасын болдырмай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 

М. Жарылқасын

Пікірлер
Редакция таңдауы