8 мыңнан астам алкоголь өнімдері жойылды

1938
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 8 мың данадан астам алкаголь өнімдері жойылды. Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушылары Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесіп «Синяя гора», «Қызылжар», «Айдабульская» сауда белгілерінің заңсыз өнімдерін жойды. Құзырлылар арнайы тексерулер кезінде әйгілі маркаларды пайдаланып, оңай олжаға қарқ болуды көздеген қала тұрғынының әрекетін әшкерлеген.

Тексеру шаралары кезінде оңай жолмен пайда тапқысы келген пысықайдың заңсыз әркетін іске асыру үшін шаһар аумағындағы  ғимараттардың бірінен цех жалдағаны белгілі болды. Қала тұрғыны қажетті құрал-жабдықтарды  интернет  желісі арқылы сатып алып отырған. Сайтта саудада тұрған этил спиртін, арақ жабатын құралды, арақ бөтелкелерінің қақпақтарын, этикеткаларын, қораптары мен акциздік тауарларға жапсырылатын есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып спирттік өнімдер жасаумен айналысқан.

Мейрам МҰХТАРОВ ,  Шымкент қаласы бойынша Әділет департаментінің бөлім басшысы:Шымкент қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті оның заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеп, тергеп-тексеру шараларын жүргізген. Өнімдер мен маркаларды пайдаланып, этикеткаларды алкагольдік өнімдерге жабыстыру арқылы сатпақ болған.

Сонымен қатар оның жұмысқа адамдарды, жүк көлігін жалдағаны да анықталды. Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындаған. Еңбекші аудандық сотының үкімімен ол ҚК 233-бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мейрам МҰХТАРОВ ,  Шымкент қаласы бойынша Әділет департаментінің бөлім басшысы: оған 1 458 500 (бір млн төрт жүз елу сегіз мың бес жүз) теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Заңсыз өнімдер қаладағы Сәуле мөлтекауданында орналасқан уақытша сақтауда тұрған жерінен алынды. Салаға жауаптылар өнімдердің есеп-қисабын шығарып,  оларды қоқыс полигонында арнайы техникамен  көмегімен сындырып, топырақпен көміп,  жойып тастады.

 

М.Рысбаева

Пікірлер