Инвестициялық жоба отырысында 13 жоба ұсынылды

321

Шымкентте автомобилдердің қосалқы бөлшектерін шығаратын өндіріс іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысында айтылды. Одан бөлек құрылыс, медицина, сауда және әлеуметтік нысандар және көп қабатты тұрғын үй бағыты бойынша жалып 13 жаңа жоба ұсынылды.

Атап айтқанда, үндістандық «Маннат Хелткеар» ЖШС автомобиль қосалқы бөлшектері өндірісі, биоактивті қоспалар өндірісін, ирандық «KHZ EXPO-777» ЖШС базальт талшықтан отқа төзімді мата өндіру, түркиялық «ОЗДИЛЬ» ЖШС компаниясы өкілдері газоблок өндірісі жобасын жүзеге асыруға ниетті.  Одан бөлек, «Lotos Trade» ЖШС бояу материалдары, «UnitPacking» ЖШС қағаз және гофрокартон өндірісі, «Бекназ и К» ЖШС Құрсай шағынауданында 500 орындық мектеп, «Ай-Ару» ЖШС UEFA талаптарына сай екі футбол алаңын салу, «Арнат Инвест» ЖШС «Шымкент сити» шағынауданында заманауи сауда-ойын-сауық орталығы, «Мейрам» ЖШС киностудия жобасы бар. Сонымен қатар, «Integra Construction KZ» ЖШС, «01KZ-Building» ЖШС, «NTR» ЖШС көпқабатты тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытып отыр.Әр жобаға жеке тоқталып өткен қала басшысы, туындаған және туындауы мүмкін деген мәселелердің уақытылы шешімі үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әр жобаға барынша көмек көрсетілетінін, жер телімі және инфрақұрылым секілді мәселелер шешімін табатынын айта келе, кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы