«Абылай ханның арманы»…

2578
Adyrna.kz Telegram

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 88-ші маусымын Дулат Рамазанның «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасымен бастады. Қойылым Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Сонымен қатар театр Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесі ұсынылды.

"Қазақтың келешегі өзгеге емес өзіне байланысты..." деген Абылайдың өсиеті қазіргі уақытта да өзекті күйінде қалып отыр. Ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма бірнеше жыл алдын сахналанған. Дулат Рамазан «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы араға 2 жыл салып қайта көрермен назарына ұсынылып отыр.

Бекболат Құрманғожаев –Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер

Егемендіктің 30 жылдығы бар, барлығын саралай келе осы қойылымды қойдық(30- 1.00)

Махметәлі Дәриев – Абылай ханның рөлін сомдаушы

Образды сомдау қиын болмады, тек тілдік сауаттылық жағынан қиналдық

Айта кетейік, театр фойесінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік»  атты театр сәндік көрмесі де өтіп жатыр. Театр ұжымы бұдан кейін де көрерменді тың туындылармен қуантуға дайынбыз дейді.

 

А.Аманхан

Пікірлер