Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп кетті

3864
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/a238968f-574c-42d6-8d74-a1de50c5eb2e.jpeg
Ақтөбеде он үш жастағы қыз бала 20-қабаттан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, қайғылы оқиға 11-шағын ауданда орналасқан 25 қабатты тұрғын үйде болған.
«Полиция 2008 жылы туған баланың мәйітін тапты. Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталуда. ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімі "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,- деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии