Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 92 пайызы орыс, 86 пайызы қазақ тілін біледі

2769
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда қазақ тілін білетін халық үлесі 86 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың әлеуметтік базасы және қозғаушы күші ретінде орта санаттың қалыптасуы да маңызды өзгеріс саналады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде азаматтарымыздың орташа табысы 13 еседен астамға артқанын айтсақ да жеткілікті. Кәсіпкерлер қатары да артып келеді. Жеке бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 1,4 млн-ды құрады. 2005 жылдан бастап бұл үш есеге жуық өсімді құрайды», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның атап өтуінше, урбанизация қазақстандық қоғамның әлеуметтік стратификациясына ықпал ететін маңызды трендтердің бірі саналады. Тәуелсіздік жылдары қала халқының саны 9 млн-нан 11 млн-ға дейін артып отыр.

«30 жылдың ішінде елдің демографиялық бейіні, халықтың этникалық құрамы өзгеріп, жаңа тілдік орта қалыптасты. Қазақ тілін білетін халықтың үлесі 86 пайызға жетті. Бұл ретте қазақстандықтардың 92 пайызы орыс тілін біледі. Біз – жас ұлтпыз. Қазақстандықтардың орташа жасы шамамен 32-ні құрайды. Сонымен қатар өмір сүру ұзақтығы да ұзарып келеді», - деді Мәулен Әшімбаев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер