Мәскеуде ТМД-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысы қорытындыланды

4346
Adyrna.kz Telegram
Мәскеуде ТМД-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысы қорытындыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінде Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.
Отырысқа сондай-ақ ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы генерал-майор Юрий Дашкин, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының дене дайындығы және спорт ауқымындағы әскери басқару органдарының басшылары және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
– Іс-шара шеңберінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің достастық армияларының Спартакиадасы шеңберінде спорт түрлерінен чемпионаттарды өткізу жоспары, 2022 жылы өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың тақырыптары, оларды өткізу мерзімдері талқыланды. Бұдан өзге, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту мәселелеріне назар аударылды. ТМД-ға мүше елдердің Қарулы Күштерінде дене даярлығы мен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша қарауға ұсыныстар енгізілді, – деді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев.
Естеріңізге сала кетсек, Спорт комитеті 1999 жылғы 25 наурыздан бастап жұмыс істейді. Достастыққа мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының халықаралық ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді.
Бұл орган өз құзыреті шегінде мамандар, ғылыми, әдістемелік және басқа да материалдар алмасу мәселелерінде спорт комитеттерінің өзара іс-қимылын, бірлескен спорттық іс-шаралар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, дене шынықтыру және спорт ауқымындағы келісімдер мен басқа да құжаттарды іске асыруды үйлестіреді.
Отырыс барысында ТМД елдерінің достастық армиялары арасында 2022 жылы ІІІ Әскери-спорттық ойындарды Қазақстанда өткізу талқыланды.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер