Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

3013
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. "ӨзенМұнайГазға" сервистік қызмет көрсететін "Кезби" компаниясының 500-ге жуық жұмысшысы кеше түнде жұмысты тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Информбюро” жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Компанияның атқарушы директоры "ӨзенМұнайГаздан" алатын тариф аз, сондықтан қаражаттан үнемдеуге тура келеді деп ақталады. 

Осыдан үш ай бұрын ереуілге шығып, 11 талап қойған "Кезби" компаниясының жұмысшылары кешеден бері жұмысты тағы да тоқтатты. Айтуларынша, жаздағы ереуілден кейін қабылданған шешім толық орындалмаған. Комиссия шешімі бойынша жалақы 50 пайызға көтеріліп, атқарылған жұмыс көлеміне байланысты 35 пайызға дейін сыйақы берілу керек болған. 500-дей жұмысшы қыркүйек айында сыйақыны берген жоқ дейді.

 Бірақ жұмысшылардың наразылыққа шыққандарына бір тәулік өтпей жатып, компания бүгін сыйақы тағайындап, есепшоттарына ақша аударыпты. Алайда жұмысшылар әр ай сайын сыйақымызды ереуілге шығып талап ете алмаймыз, тұрақты түрде берілсін дейді. 

"Арбитраж комиссиямен белгілі бір шешімге жеткенбіз. Енді осы айда сол шешім бұзылды. Былайша айтқанда басшылар премияльный дейді ақшамызды толықтай төлеген жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстау өңіріне келіп бірдей жұмыс, бірдей жалақы алу керек деп айтқан заңды түрде. Ал біздер қазір мына жерде тұрған жұмысшылар басқа мекемелермен бірдей жұмыс жасаймыз. Бірақ жалақымыз олардан бірнеше есе төмен деуге болады", - дейді жұмысшы Қайрат Қосмағамбетов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер