Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

338

Биыл Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді.

Мекенжай бағдарламасында 1500 жалпы бақылау, 200 желілік учаскеге және жол қиылысына 100 камераны орнату жоспарланған болатын.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бағдарламаға сәйкес 1115 жалпы бақылау, 197 желілік учаскеге және 3 көше қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыстар жалғасуда.
Барлық камераларды бақылап отыру үшін деректерді өңдеу орталығы құрылды. Аталған жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталса, бейнебақылау камералары іске қосылады.

Пікірлер
Редакция таңдауы