Ер адам қарызын төлемегені үшін Түркістан облысының тұрғынынан теледидар мен жиһазын алып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жергілікті тұрғын Ордабасы полиция қызметкерлеріне оның танысы келіп, қарызын төлеуді талап етіп, рұқсатсыз теледидар мен ас үйдегі жиһазын алып кеткен.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады.
Полиция дереу оқиға орнына жетті. Учаскелік инспекторлар бірқатар қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде бөтеннің мүлкін заңсыз иемденген күдікті анықталды, деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны күдіктінің дүкенінен азық-түлік қарызға алған, бірақ ақшасын төлемеген. Осылайша заңсыз жолмен күдікті қарызды өндіріп алуға шешім қабылдаған.
Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеді. Тергеу жүріп жатыр, - деп қорытындылады Түркістан облысының департаменті.
”Адырна” ұлттық порталы