Өрттен кейін балаларымыздың мәйітін тану мүмкін емес - туыстары

4357
Adyrna.kz Telegram

Ауыл тұрғындары қайтыс болған үш баланың мәйітін өздері іздемек болды. Тірідей табылып қалар деген үміттерін де жасырмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Туыстары полицейлерге наразы екенін жеткізді. Балаларының мәйітін тапқанын бірден хабарламағанына ашулы.

Ауыл боп үш баланы іздеуге шыққанында, олардың адам ажырата алмайтындай мәйітін тапқан.

“Олар күшікпен ойнап жүрген, күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Екінші, үшінші сынып оқитын үш бала күшіктің артынан шөпке кірген. Олар не істеп жатқанын білмеген. Қараңғы болғаннан кейін сіріңке жағып, жарық жасайын деген. Осылайша шөп тұтанып кеткен. Балалардың денелері табылды. Бірақта оларды тану мүмкін емес”, – дейді ауыл тұрғыны Әділбек Ізғалиев. 

Марқұм болған балалардың бірінің туысы оларда сіріңке болмағанына сенімді.

“Бұл жиналмаған шөп болатын. Шөптің иесі біреу темекі тастап жіберген дейді. Бірақ өрттің себебі әлі белгісіз”, – дейді марқұм балалардың бірінің әжесі Алтын Әбенова. 

“Біз өзеннің жан-жағын тексердік, бүкіл жерді айналып өттік. Полиция аймақты қоршап тастады. Бастапқыда ешнәрсе айтпады, тек кейінірек, біз сұрақ қоя бастағанда, олар бізге болған жағдайды жеткізді. Ал бұған дейін біз бекер қарап отырдық”, – дейді қаза тапқандардың туысы Ардақ Есбусинов.

Балалардың өліміне қатысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары туыстарының ашуына наразылық білдірді.

“Әрине, қараңғы болғандықтан табылған мәйіттер туралы дер кезінде хабарлау қиын болды. Онда мамандар, сарапшылар мен тергеу тобының өкілдері жұмылдырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – дейді Атырау облысының полиция басқармасының баспасөз хатшысы Мейірім Есдәулет. 

“Адырна” ұлттық порталы. 

Пікірлер